Қайрат Сатыбалды заңсыз алынған 650 миллиард теңгені мемлекетке қайтарды, деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукенов.

"Қайрат Сатыбалды елден заңсыз шығарылған барлығы 650 миллиард теңгені (1,4 миллиард доллар) мемлекетке қайтарды",  – деп түсіндірді Арман Тілеукенов брифинг барысында.

Жалпы, соңғы екі жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 миллиард теңгеден астам мүліктік активтер мен қаражатты қайтарды.


Оқи отырыңыз: Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады


Брифингте ол процеске қатысушылардың ақшаны жылыстату фактісі бойынша Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс материалдарымен танысуға кіріскені айтылды.