Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Astana LRT" ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

"Astana LRT" ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға жиналған дәлелдерге байланысты қылмыстық-процестік кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауап алуға шақырылады.

"Талғат Ардан 2024 жылғы 23 тамызда сағат 09.00-де Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 19, "Б" блогы мекенжайында орналасқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж. Өтепқалиевке келуі қажет", – делінген хабарламада.