Ресейлік әнші Юрий Шатунов инфаркттан 48 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ресейлік БАҚ өкілдеріне әртістің директоры хабарлады. 

Юрий Шатунов

Юрий Шатунов – ресейлік музыкант, әнші. Ол "Ласковый май"  тобының вокал әншісі ретінде кеңінен танымал. Бұл топ Кеңес дәуіріндегі алғашқы бойз-бэнд ретінде аталады.

Кейін Юрий Шатунов жеке өзі әншілікпен айналысты. Ең танымал әндерінің қатарында "Белые розы", "Вечер холодной зимы", "Старый лес" және басқа да әндер бар.