16 жастағы Амир Омарханов (1036 ATP) іріктеу кезеңінің бірінші айналымында wild card алған, әлемнің бұрынғы 21-ракеткасы ұлыбританиялық Дэниел Эванстан (170 ATP) 4:6, 2:6 есебімен жеңілді.

Амир Омарханов. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

 

"Матчты тәп-тәуір ойнадым, бірінші сетте аздап қобалжыдым, мүмкін осы әсер еткен шығар. Қарсыласым ертерек брейк жасады, содан кейін менде кері брейк жасауға жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ ол нәтижелі бола қоймады. Өз еліңде, өз жанкүйерлеріңнің алдында ойнау зор мәртебе болды. Жыл соңына дейін жасөспірімдер арасындағы бірнеше турнирге қатысуды жоспарлап отырмын. Келесі маусымға келсек, жасөспірімдер арасындағы "Үлкен дулыға" турнирлері мен J300 санатынан жоғары жарыстарда ойнаймын, сонымен қатар ересектер турында өзімді сынап көремін, ATP рейтингінде ұпай жинаймын, "Фьючерс" және "Челленджерлерде" ойнаймын", – деді Омарханов матчтан кейінгі баспасөз конференциясында. 


Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.

Қазақстанның "RG Gold" алтын өндіру компаниясы