Қазақстан қор биржасы басқармасының  шешімімен ертең, 12 қарашадан бастап 27 шетелдік эмитенттің акциялары KASE ресми тізімінің KASE Global секторына енгізілді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады

Бұл тізімде танымал Amazon.com, Inc., The Boeing Company, Johnson & Johnson, Mastercard, Inc., Netflix, Inc., ConocoPhillips, American Airlines Group, Moderna Inc., Twitter Inc., Uber Technologies Inc. Компаниялары бар.

Толық тізіммен KASE сайтынан танысуға болады.

"Аталмыш акциялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланады" деп жазылған KASE сайтында.