Amazon шығарған Alexa құрылғысы қайтыс болған адамдардың дауысымен сөйлейді
Amazon Alexa колонкасын кез келген дауысты қайталай алатындай етіп жасап жатыр.Amazon компаниясы Alexa ақылды құрылғысын кез келген дауысты қайталай алатынындай етіп жасап жатқанын мәлімдеді. Бұл үшін құрылғының адам дауысын бір минут бойы естуі жеткілікті, деп хабарлайды Sky News сайты.
Осылайша станция қайтыс болған сүйікті адамдарымыз немесе теледидардағы жұлдыздың дауысымен сөйлей алады.
22 маусым күні Лас-Вегаста өткен конференция қатысушылары ақылды көмекшіден "Оз қаласының сиқыршысы" ертегісін әженің дауысымен оқып беруді сұрады. Alexa өтінішті қабыл алып, дауысын өзгертті.
Оқи отырыңыз: iPhone 14 қашан сатылымға шығады?
Amazon осылайша естеліктерді ұзағырақ сақтауға көмектескісі келетінін айтса, қарсыластары технологияның кері әсері мол екенін алға тартып отыр.