Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Түркістан сілеусіні күшіктерімен бірге бақылау камерасына түсіп қалды.

"Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Түркістан сілеусіні күшіктерімен бірге ұлттық парк шатқалдарының бірінде фототұзаққа түсті. Видеода жыртқыштың артынан бір жасар 3 сілеусіннің еріп жүргені байқалады. Бұл сирек кездесетін жағдай, өйткені сілеусін әдетте 2 күшік туады. Сілеусіннің 3 немесе одан көп күшік тууы ұлттық паркте сілеусін үшін қолайлы өмір сүру жағдайлары қалыптасқанын көрсетеді", – делінген парк хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Алтынемел ұлттық паркінде қар барысы тағы да фототұзаққа ілікті


Сілеусіндердің негізгі қорегі – сібір тау ешкісі, қабан мен кекіліктер.

Видео ұлттық парктің Instagram парақшасында жарияланды. 

Еске салсақ, Алтынемел ұлттық паркінде қар барысының тағы да фототұзаққа іліккені туралы хабарлаған едік. Бұл жолы аналық барыс пен оның алдыңғы жылы туған екі аланы байқалды.