Алматының тазалық сапасына қатысты өтініш қабылдайтын WhatsАрр арна іске қосылды
Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қалада тазалық сапасына қатысты қала тұрғындарының өтінішін қабылдау үшін WhatsАрр арнасын құрды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
+7 706 689 88 98 WhatsАрр нөміріне қала тұрғындары жолдарды, тротуарларды және қаланың қоғамдық пайдалану орындарын тазалауға ұсыныс немесе шағым жібере алады. Арнаның жұмыс режимі жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтініштерді үлгі бойынша бір мәтіндік хабарламамен жіберу керек:
- Өтініш берушінің деректері
- байланыс нөмірі (кері байланыс үшін),
- өтініштің мәні,
- уақыты мен күні,
- өтінішке қатысты нақты мекенжайы,
- бар болса фотоматериал бекіту керек.
Үлгі бойынша жасалмаған өтініштер, кіріс қоңыраулар, сонымен қатар, дыбыстық хабарламалар тіркелмейді. Аулаішілік аумақтар бойынша хабарламалар қабылданбайды.
Оқи отырыңыз: "Қоқыс сұрыптап, ұпай жина". Күзде Қазақстанда "Тазалық ойындары" өтеді