Бүгін Медеу ауданындағы қар жинағыштарда, Альпинисттік лагерьдің маңында көлемі 4000 текше метр қар көшкіні түсті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

«Қазгидромет синоптиктерінен қатты жауын-шашынның түсуіне, үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты көшкін қаупі сақталатыны туралы дауылды ескерту түсті», – деп жазылған хабарламада.

ТЖМ азаматтардан таулы жерлерге баруды шектеуді сұрайды.


Оқи отырыңыз: Құлсарыда бір апта бұрын жоғалған әкелі-балалы азаматтардың денесі табылды