Алматының бірнеше ауданында суық су уақытша өшіріледі
Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.12 маусым сағат 00.00-ден 14 маусым сағат 8.00-ге дейін су құбыры желілеріндегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады «Алматы су».
Осыған байланысты Жетісу ауданында Рысқұлов - Лобачевский - Сейфуллин - Ақпаев көшелері шаршысында суық су беру уақытша шектеледі.
Жұмыс барысында Түрксіб ауданында Рысқұлов даңғылы - Сейфуллин даңғылы - Жұмабаев көшесі - Жансүгіров көшесі шаршысында су қысымы төмендейді.
"Жабық клапандар мен басқа да технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жұмыстарды уақытылы аяқтау аталған аудандардағы тұтынушыларды сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алматылықтардан мәжбүрлі уақытша қолайсыздыққа түсінікпен қарау сұраймыз", – делінген хабарламада.