Алматының Тереңқұр тоғанында 50 метрлік сырғанақ салынады
Ашылуы 15 қаңтарға жоспарланған."Тереңқұр" демалыс аймағының тоғанында қысқы тюбингтерге арналған 50 метрлік сырғанақ салынады. Бұл үшін күзгі мезгілде тоғаннан су сорылды. Қысқы біткен соң құрылым бөлшектеледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.
"Негізгі айырмашылық: сырғанақтың тоғанда салынғандықтан, сырғанауда шұғыл бұрылыс тәрізді қауіп жоқ. Құрылым 20 градус бұрышта орнатылып, 5 арнаға бөлінген, әрқайсысы арнайы тормен қоршалған. Сонымен қатар, мәреде тежегіш тор және арнайы жұмсақ қаптар бар", – деп жазылған хабарламада.
Сырғанақ тепкеннен кейін демалушылар үрлемелі баллондарды дөң басына өздері сүйретпейді. Бұл үшін арнайы фуникулер бар. Келушілер қауіпсіздік техникасы бойынша оқудан өткен нұсқаушылардың бақылауында болады. Бұған қоса, кешен аумағындағы террассада қоғамдық тамақтану орындары бар демалыс аймағы ұйымдастырылады.
Оқи отырыңыз: Астананың орталық саябағында ұзындығы 290 метрлік мұз айдыны ашылады
Ашылуы 15 қаңтарға жоспарланған. Баллонды бір сағатқа жалға алу – 3 мың теңге. Бір рет сырғанау – 500 теңге. Жұмыс кестесі туралы қосымша хабарланады.