Алматының кей бөлігінде суық су беру уақытша тоқтатылады
Құырылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін су біртіндеп, жабдықты тексеріп, реттеу жұмыстарынан кейін қайта қосылады.
Алматының 3 ауданында уақытша суық су болмайды, деп хабарлайды "Алматы Су" мекемесі.
Су құбыры жүйесіне жаңа инженерлік желілерді қосу жұмыстарына байланысты 24 шілде сағат 09:00–ден 20:00–ге дейін Алматының кей бөлігінде суық су беру уақытша тоқтатылады.
Жоспарлы жұмыстар жүргізілетін кезеңде келесі аудандарда суық су уақытша тоқтатылады:
- Бостандық ауданы: Саин — Асқаров — Әлмерек — Азамат — Садықов көшелері шеңберінде. Оның ішінде: "Мирас", "Дарын" шағын аудандары және Долина роз, Солнечная долина, Кунбель, Hyde Park, Presidents Park, Miras Park тұрғын үй кешендері.
- Наурызбай ауданы: Асқаров — Кенесары хан — Қарғалы өзені — Новая көшелері шекарасында. Оның ішінде: "Қарғалы", "Құрамыс", "Рахат" шағын аудандары және Асқар Тау, Хан Тәңірі, Bella Villa, Nef Up Town тұрғын үй кешендері.
- Әуезов ауданы: "Таугүл-3" шағын ауданы, Алтын Қарғалы шипажайы.
"Құырылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін су біртіндеп, жабдықты тексеріп, реттеу жұмыстарынан кейін қайта қосылады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.