"Алматы Су" компаниясы инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстарына байланысты Наурызбай және Бостандық аудандарында суық су беруді уақытша тоқтататынын хабарлады.

Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 13 қазан сағат 22:00-ден 14 қазан сағат 08:00-ге дейін суық су төмендегі аумақтарда болмайды:

  • Наурызбай ауданы – Рахат және Құрамыс шағынаудандары (шығыс бөлігі);
  • Бостандық ауданы – Мирас шағынауданы, Presidents Park тұрғын үй кешені, Private Hospital және Алматы Жайлау гольф клубы.

Ал 14 қазан сағат 22:00-ден 15 қазан сағат 08:00-ге дейін инженерлік желілерді ауыстырудың келесі кезеңінде суық су келесі мекенжайларда уақытша өшіріледі:

  • Наурызбай ауданы – Рахат және Құрамыс шағынаудандары (шығыс бөлігі);
  • Бостандық ауданы – "Солнечная долина", Miras Park, "Долина Роз", "Таң Нұры" тұрғын үй кешендері және Мирас шағынауданы.

Коммуналдық кәсіпорын тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жоспарлы техникалық жұмыстарға түсіністікпен қарауды өтінді.