Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақ санитарлық жұмыстар жүргізілуіне байланысты 2 ақпан күні келушілер үшін жабылады. Бұл күні бақ қала тұрғындары мен қонақтарын қабылдамайды, деп хабарлайды бақтың баспасөз қызметі.

Ботаникалық бақ әкімшілігінің мәліметінше, санитарлық күннен кейін мекеме әдеттегі жұмыс тәртібіне қайта оралады.

"Қазіргі таңда Бас ботаникалық бақ күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс уақыты — 15:00-15:30 аралығы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, санитарлық күн әр айдың бірінші дүйсенбісінде өткізіледі.