Алматының Әуезов ауданындағы бірнеше үйде бір күнге суық су өшіріледі
Әуезов ауданында орналасқан бірнеше тұрғын үйде технологиялық жабдықтарды ауыстыру кезіндегі өндірістік қажеттілікке байланысты бір күнге суық су өшіріледі.Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Төле би көшесінің бойымен Сайын көшесі мен Өтеген батыр көшелерінің аралығында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыздар: Қазақстанда 1400-ге жуық ауылдың ауыз су мәселесі шешілмеген.