Алматы тұрғындары қала аумағындағы жол қозғалысы тұрғысынан ең қауіпті және қолайсыз учаскелерді атады. Бұл локациялар жол-көлік оқиғаларының статистикасы, тұрғындардың өтініштері мен пікірлері, онлайн-сауалнама нәтижелері, сондай-ақ көлік саласы сарапшыларымен жүргізілген сұхбаттар негізінде жасалған кешенді талдау барысында анықталған.

Тұрғындар ерекше атап өткен аумақтардың қатарында Горный Гигант, Құрамыс, Таугүл, Таугүл-1, Мамыр-1 шағынаудандары, сондай-ақ Бұқар жырау – Сәтбаев – Байтұрсынов – Есентай өзені және Әл-Фараби – Жароков – Дунаевский – Розыбакиев көшелері маңындағы кварталдар бар.

Аталған алты локацияның бірінде тактикалық пилоттық жоба іске асырылмақ. Жобаның негізгі мақсаты – шағын, бірақ нысаналы өзгерістердің жол қауіпсіздігіне тигізетін нақты әсерін бағалау. Бұл тәсіл инфрақұрылымдағы проблемаларды ауқымды шығынсыз шешуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, мұндай талдау қала кеңістігін жоспарлауда тұрғындардың пікірін ескеруге, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.