Алматылық жас әнші 4 рет қатарынан АҚШ-тың беделді NATS байқауының лауреаты атанды
Қазақтың жас әншісі Аделина Мұхаметжанова 1946 жылдан бері АҚШ-тағы академиялық орындаушыларды қолдап келе жатқан беделді National Association of Teachers of Singing, Inc. (NATS) байқауының төрт рет қатарынан лауреаты және екі мәрте Гран-при иегері атанды.
NATS байқауы аясында жас әнші ересек классикалық вокалды орынаушылар және мюзикл орындаушылары аталымдары бойынша "Нотр-Дамның горбуны" мюзиклінен God Help the Outcasts, "Менің керемет ханымым" мюзиклінен I Could Have Danced All Night, "Кандида" мюзиклінен Glitter and Be Gay туындыларын орындады. Сонымен қатар, классикалық бағытта Ева Дель-Акуаның "Ласточка", Феликс Мендельсонның "Мыстандар әні" және Рикки Иэн Гордонның "Will there really be a morning" шығармаларын шырқап, бірінші орынның жүлдесін жеңіп алды.
Кәсіби опера әншісі болуды армандайтын талантты қазақстандық бойжеткен АҚШ университетіне оқуға түсуге дайындалып, түрлі байқауларға қатысу үшін өтінімдер беріп жатыр. Осылайша, тек соңғы екі жылда Аделина 2024 жылы Juilliard Summer Voice Program (Juilliard Music School, Нью-Йорк) және Berklee Vocal/Horal Intensive (Беркли музыкалық колледжі, Бостон) және осы жазда кәсіби музыканттарға кіру қиындық тудыратын Schmidsivetenniam (Восмония университеті) атты беделді вокалдық бағдарламаларының стипендиаты атанды.
Сонымен қатар, ол осы жылы Чикагода өткен Convention & Vocal Competition ұлттық финалына төртінші рет қатарынан шықты және 1922 жылы құрылған Рочестер филармониялық оркестрінің өнерін сүйемелдейтін жалғыз вокалисі болды.
"Мен әлі күнге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті Нұрғалиева Гүлнар Асылбекқызынан онлайн тұрде білім аламын, бірақ Америка мектебіне түскеннен бері өмірім түбегейлі өзгерді. Мен грантта оқимын, оны сақтап қалу үшін оқуыма барынша күш салуым керек. Ұйқының жеткілікті болуы үлкен қуаныш және мектеп бітіруге жақындаған сайын соғұрлым жауапкершілік артады. Оның үстіне мен мұндағы мектеп жатақханасында тұрамын, ал отбасым Алматыда. Алғашында эмоциялық жағынан өте қиын болды, бірақ қазір үйреніп қалдым. Биыл соңғы курста мен мектептің вице-президенті және драма үйірмесінің жетекшісі болдым, сонымен қатар мектептің жаңа шетелдік студенттерінің бейімделуіне көмектесемін. Мен АҚШ-та кәсіби білім алу үшін грант алып, мансабымды жалғастыра аламын деп үміттенемін", – дейді Аделина Мұхаметжанова.
Айта кетейік, Аделина Мұхаметжанова 8 жылдан астам вокалмен айналысады.