25 сәуірде Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті тауда демалғысы келетіндерге ескерту жасады.

"Қазгидрометтің" дабылды ескертуі негізінде Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті тауға аттанған демалушыларға 25-2 мамыр аралығында қар көшкіні қаупі сақталатынын хабарлады.

Осыған байланысты департамент қызметкерлері:

  • қарлы тік жартастарға шықпауды,
  • таулы аумақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.