Алматыға "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы үшін 5 мыңнан астам шетелдік турист келді
Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчын тамашалау үшін 26–29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Бұл туралы қала Туризм басқармасы e-Qonaq жүйесінің деректеріне сүйеніп хабарлады.
Қазақстанның басқа өңірлерінен келген жанкүйерлерді қосқанда, жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жетті.
Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия және ТМД елдерінен келген.
Mastercard мәліметінше, Алматыға келген шетелдік турист орта есеппен 1 500 АҚШ долларын жұмсайды. Оған қонақүй, тамақтану, көлік, ойын-сауық пен сауда шығындары кіреді. Сарапшылардың айтуынша, мұндай қаржы шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қала экономикасына мультипликативті әсер етеді.