Қазақстандық FlyArystan лоукостері бүгін Алматы – Инин (Құлжа) – Алматы бағыты бойынша жаңа халықаралық әуе қатынасын іске қосты. 

Airbus A320 ұшағымен орындалған FS7199 рейсі 180 жолаушыны тасымалдап, Құлжа қаласының әуежайына сәтті қонды. Алматы –Құлжа және кері бағыттағы алғашқы рейсі толық жүктемемен орындалып, бұл бағыттың жоғары сұранысқа ие екенін көрсетті. 

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Алматы – Құлжа – Алматы" бағыты әуе компаниясының Қытайға ашқан екінші халықаралық бағыты болды. Бұған дейін, 2025 жылғы 13 сәуірде Астана – Үрімші бағытындағы рейстер қайта жанданған болатын. Сонымен қатар, бұл – Инин әуежайына халықаралық мәртебе берілгеннен кейін ашылған екінші халықаралық рейс. 

Жоспарға сәйкес, рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. 


Оқи отырыңыз: 18 мамырда Алматыдан Қытайдың Құлжа қаласына жаңа рейс ашылады