Алматыдағы "Жаңа ғасыр" театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
Енді мәдениет ошағы "Асанәлі Әшімов театры" деп аталады.
Алматы қаласындағы "Жаңа ғасыр" театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері Асанәлі Әшімовтің есімі берілді.
Осылайша, мәдениет ошағы енді ресми түрде "Асанәлі Әшімов театры" деп аталады.
"Асанәлі Әшімов – қазақ өнерінің алтын қорына енген бірегей тұлғалардың бірі. Ол КСРО және Қазақстанның халық әртісі атағына ие болып, театр мен кино саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Сонымен қатар оның ұстаздық қызметі де ұлттық мәдениеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарды", – делінген хабарламада.
Жаңарған театр ұжымы дәстүрлі өнер мен заманауи бағытты ұштастыра отырып, көрерменге мазмұнды әрі сапалы қойылымдар ұсынуды мақсат етіп отыр.