Жылу желілерін қайта құруға байланысты 28 шілде сағат 00:00-ден 10 тамызға дейін Алматының Жетісу ауданында Райымбек даңғылы бойында Байзақов көшесінен Казаков көшесіне дейін батыс бағытта автомотокөлік қозғалысы жабылады, деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС. 

"Кептелісті азайту үшін бұл аумақта реверсивті қозғалыс үшін уақытша жолақ бөлінеді. Реверс – бұл жолдардағы қозғалыс бағыты керісінше өзгеруі мүмкін арнайы жолақ. Бұған қоса, күн сайын сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін жылу желілерін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу уақытында жол қозғалысына қосымша бақылау шаралары қолданылады", – делінген компанияның хабарлаамсында. 

Иллюстрация: "Алматы жылу желілері" ЖШС

Құрылысшылар даңғылдың асфальт жабынын қалпына келтірудегі барлық жұмысты оқу жылы басталғанға дейін аяқтайды. Мердігер құрылыс ұйымы жылу магистралін қайта құруды тәулік бойы, кідіріссіз жүргізеді. Бұл үшін құрылған бригадалар орындалған жұмыстардың сапасын барынша қамтамасыз етіп, нысанда бірнеше ауысымда жұмыс істейді.