Алматыда лай көшкіні кезінде зардап шеккен үйдің бір тұрғынының мәйіті табылды.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының "Тау Самалы" шағын ауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болды.

Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы лай көшкіні: Досаев салдарын жою бойынша арнайы топ құруды тапсырды


Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жерде жедел медициналық көмек бригадалары бар.