Алматыдағы Арбатта жартылай жалаңаш би билеген қыздарды полиция ұстап әкетті, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Алайда, құзырлы орган оларды 4 сағаттан кейін босатып жіберген. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сол аумаққа жауапты полиция қызметкерлері қыздарды мән-жайды анықтау үшін бөлімшеге жеткізген. Онда оларға қоғамдық орындарда белгіленген ережелерді сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген. 

Айта кетейік, көшеде хай-хилс билеген қыздардың бірі кәсібі хореограф екені белгілі болды.