Әл-Фараби даңғылы жөнделіп, қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Әл-Фараби даңғылындағы орташа жөндеуге орай, Розыбакиев көшесі қиылысында 25-27 маусымда сағат 08:00 мен 24:00 аралығында және 28 маусымда сағат 22:00-ден 29 маусымда 3:00-ге дейін және 29 маусымда сағат 22:00-ден 30 маусым түнгі уақытқа дейін автотранспорт қозғалысы ішінара шектеледі", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.  

Әкімдіктің мәліметінше, орташа жөндеу 2023 жылға жоспарланған жұмыс аясында жүргізіледі.