Мектептің бас есепшісі бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы жазды.

Аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Тергеу барысында мектеп есепшісі өз кінәсін толығымен мойындады.

"Сот үкімімен кінәлі адам ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Оқи отырыңыз: "225 миллион теңге иемденді". "Теміржолсу-Маңғыстау" ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды