Алматыда Есқараева көшесінің бойындағы магистральдық құбыр қайта жаңғыртылады, деп хабарлайды "Алматы жылу желілері".

23 сәуір мен 23 маусым аралығында жоспарланған жұмыс Бостандық ауданында өтеді. Осы кезеңде Есқараев көшесінің бір бөлігі Гагарин даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін жабылады.

Бұл аумақтың тұрғындары ыстық суды уақытша кесте бойынша алатын болады. Жоспарланған құбырларды қайта жаңғырту жұмыстары 19 көпқабатты тұрғын үйді, екі балабақшаны және 39 басқа нысанды жылумен қамту сапасы мен тұрақтылығын арттыруға арналған.


Оқи отырыңыз: Air Astana Алматыдан Дубайға және кері қарай қосымша рейстерді тоқтатты