Алматы қаласы тұрғындарының өтініші бойынша 22 шілдеден бастап №41 маршрут Гүлдала шағын ауданына дейін ұзартылады, деп хабарлады "Алматы әкімдігінің жаңалықтары" Telegram арнасы.

Енді бұл маршрут Жақұт көшесінен Құлжа тас жолына қарай оңға бұрылып, содан кейін Бұқтырма көшесіне қарай тағы да оңға бұрылады. Айналма жол арқылы Құлжа жолына қайта түсіп, Уәлиханов көшесінің бойымен әл-Фараби көшесіне дейін барады. Сол жерден кері бұрылып, Уәлиханов көшесінің бойымен кері бағытта – Құлжа жолымен – Жақұт көшесімен, әрі қарай схема бойынша жүреді.