Алматыда жоғары қабаттағы пәтерлердің бағасы төмендеді
Баспана құны 10 пайызға дейін түскен.Алматыда жоғары қабаттағы пәтерлердің бағасы төмендеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Сарапшылар нарықтағы өзгерісті жер сілкінісімен байланыстырады.
Алматы тұрғыны Жанат Ермекованың орталықтағы пәтерін сата алмай жүргеніне жарты жылға жуықтады. Тоғызыншы қабаттағы баспанасын өткізіп, ауласы кең үй алмақ ниетте. Бірақ жоспарының жуық арада жүзге асатынына өзі де күмәнмен қарайды. Өйткені бір бөлмелі пәтеріме қызығушылық танытқандар тым аз дейді.
Сарапшылардың айтуынша, кейінгі уақытта жер үйлердің сатылымы артқан. Бірақ, алдағы уақытта жоғары қабаттағы пәтер құны қайта тұрақталады. Бағаның төмендеуі уақытша құбылыс.