Алматыда жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді – Комиссия болжамы
Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды.Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында жақын арада күшті жер сілкінісі болмайтынын болжады. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды.
"Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді", – деп жазылған хабарламада.
Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады. Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді.
Оқи отырыңыз: "Пойыз жүріп өткендей болды". Жер сілкінісі Қырғызстан аумағында да сезілді