Алматыда жер сілкінісінен кейін кей мектеп қабырғаларында жарықтар пайда болды
Әкімдік зақым әрлеу материалдарына қатысты және тіреуіш құрылымдарға керіс әсерін тигізбейтінін мәлімдеді.Алматыдағы жер сілкінісі салдарынан кейбір мектептердің қабырғаларында жарықтар пайда болды. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы хабарлады.
Зақым әрлеу материалдарына қатысты және тіреуіш құрылымдарға әсер етпейтіні атап өтілген.
"Жер сілкінісі салдарынан бірқатар білім беру нысандарының ғимараттарында қабырғаларда жарықтар байқалуда. Негізінен бұл бұзылулар әрлеу материалдарына қатысты және тіреуіш құрылымдарға әсер етпейді. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарынан құралған арнайы комиссия құрылды. Төтенше жағдайлар департаменті, ҚазҚСҒЗИ, аудандық сәулетшілер және басқа да уәкілетті органдар барлық әлеуметтік нысандарды тексеред. Тексеру нәтижелері бойынша барлық тиісті шаралар қабылданады, – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, жедел штаб қаладағы ғимараттарға айтарлықтай зиян келмегенін хабарлады. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты жұмыс істеп тұр.
Оқи отырыңыз: Алматыда жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді – Комиссия болжамы