Алматыда сағат 12.45-те жер сілкінді. Қала тұрғындарының телефонына дабыл жүйесінің хабарландыруы келіп жатыр. Ал қалада дабыл жүйесі іске қосылды. 

Хабарлама скриншоты

"ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 12:44-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісі ошағы Қытай аумағында6 Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан", – делінген ТЖМ хабарламасында. 

Жер сілкінісі Алматымен қатар, тағы үш өңірде сезілді:

  • Алматы – 3 балл;
  • Саты, Жалағаш, Кеген, Нарынқол, Түрген, Көктөбе, Қырғызсай, Маловодное, Қайыпов, Шелек ауылдары, сондай-ақ Есік, Талғар, Қаскелең қалалары (Алматы облысы) – 3 балл;
  • Өтеген батыр, Қарғалы, Бақанас, Боралдай, Шонжы, Ұзынағаш, Құрты ауылдары, сондай-ақ Алатау және Қонаев қалалары (Алматы облысы) – 2 балл;
  • Сарөзек, Қордай, Балпық би, Қарабұлақ ауылдары, сондай-ақ Үштөбе, Жаркент, Текелі, Талдықорған қалалары (Жетісу облысы) – 2 балл;
  • Мерке, Төле би 2, Жансүгіров, Сарқан, Құлан ауылдары, сондай-ақ Шу қаласы (Жамбыл облысы) – 2 балл.