Алматыда жарнама ілетін альпинист 12-қабаттан құлап, қаза болды
Қылмыстық іс қозғалды.Алматыда жарнама ілетін 27 жастағы альпинист 12-қабаттан құлап, оқиға орнында қаза болды.
Оқыс оқиға 3 желтоқсан күні түстен кейін болды.
"ДДК-экстрим групп" ЖК өнеркәсіптік альпинисі Төле би көшесіндегі 16 қабатты Assem Plaza тұрғын үй кешенінің қасбетіне жарнамалық баннер орнатқан. Оқиғаға қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді.
"Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.