Шұғыла шағын ауданындағы Жуалы көшесі, 88 учаскедегі асхана мен дүкен бұзылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде меншік иесінің (жеке тұлға) рұқсат құжаттары болмаса да ғимарат салғаны анықталды.

"2023 жылғы 28 наурызда басқарма меншік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылдады және жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берді. Меншік иесі нұсқаманы орындамағандықтан, Басқарма Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотына сүруге талап арыз берді. 2023 жылғы 9 қарашада Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды, 2024 жылғы 7 ақпанда Алматы қалалық соты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды", – деп жазылған хабарламада.

Меншік иесі Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларымен бірге нысанды ерікті түрде бұзуды бастады.


Оқи отырыңыз: Павлодар облысында бөбекжай басшысы жемқорлық үшін сотталды


Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.