Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен Алматы қаласында болды. Білім және ғылым нысандарын аралап, кездесулер өткізді. Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында жазды. 

Сондай-ақ, министр 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген №206 мектеп-гимназияға барып, қызметімен танысты.

"Бұл – мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін 1000 мектептің құрылысы аясында салынған нысандардың бірі. Жанындағы мектепте қабылдау қорытындысы бойынша 1 сынып оқушылары көп болды, "Ю" сыныбына дейін. 1 800 оқушыға арналған тағы бір мектептің пайда болуы оқушы орындарының тапшылығын шешуге көмектесті", – деп жазды министр.

Асхат Аймағамбетов мектептегі әріптес-педагогтермен әңгімелесіп, химия, биология, физика пәндері бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын және оқу процесін жақсарту идеяларын талқылаған. Министрдің мәлімдеуінше, барлық білім беру ұйымы тұрақты және штаттық режимде жұмыс істейді.


Оқи отырыңыз: