Алматыда ХҚКО-лардың жұмысы қайта жанданды. Жеке куәлік пен төлқұжатты рәсімдеу, көші-қон қызметтерінен басқа қызметтер көрсетіледі.

ХҚКО жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Қазіргі таңда Алматы облысында ғана ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Еске сала кетсек, төтенше жағдай режимі кезінде бүкіл ел бойынша ХҚКО жұмысы уақытша тоқтатылған болатын.