Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына маңызды үндеу жасады.

Оған сәйкес, 2025 жылғы 30-31 қаңтарда халықаралық шара кезінде қалада көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Келесі учаскелер бойынша көлік қозғалысына түзетулер енгізілуі мүмкін:

  • Майлин көшесі,
  • Құлжа тасжолы,
  • Бұқтырма көшесі,
  • ШААЖ,
  • Әл-Фараби даңғылы,
  • Сейфуллин даңғылы,
  • Достық даңғылы,
  • Жароков көшесі.

"Алматы полициясы азаматтарды уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында "Атакент" қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында Digital Almaty 2025 халықаралық форумы өтеді.