Тамыз айынан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өседі. 

Дәлірек хайуанаттар бағы, цирк, қуыршақ театры, "Алатау" дәстүрлі өнер театры, мемлекеттік мұрағат, кітапхана, музейлер бірлестігі, "Алматы әуендері" қызметкерлерінің жалақысы өседі. 

Қазіргі уақытта мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының орташа деңгейі 138 мың теңгені құрайды.


Оқи отырыңыз: Екібастұз тұрғындары президенттен Шығармашылық үйін салып беруді сұрады


"Жалақыға байланысты жас мамандар жұмыстан жиі кетеді және бұл өз кезегінде жас білікті кадрларды тәрбиелеуді қиындатады. Сондықтан Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары, кәсіпорындары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу мәселесі Алматы қаласы мәслихатының қарауына ұсынылды", – делінген Алматы мәдениет басқармасының хабарламасында.