Алматының Медеу ауданында үш автобус пен жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан адамдар зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

"Сағат 9.00 шамасында Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан №54 автобустың жүргізушісі №133 автобуспен және алдында келе жатқан Nexia көлігімен соқтығысқан. №133 автобус өз бағытымен келе жатқан №88 автобуспен соқтығысқан. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Павлодар облысында қараусыз жүрген мал жол апатына себеп болды


Полицейлер сөз болып отырған автобустардың жеке тасымалдаушыларға тиесілі екенін атап өтті. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауда.