Алматыда туристік компания қажылыққа барушыларға жалған 143 екпе паспортын жасап берген
Жалған құжат жасаған қылмыскерлер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Алматы қаласында туристік компания Сауд Арабиясы патшалығына бет алған қажыларға 143 жалған вакцина паспортын жасаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тінту барысында жалған құжат жасауға пайдаланылған техника, мөр және бланк табылды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.
Жыл басынан бері жалған вакцина паспорты мен ПТР-тест нәтижесін дайындауға байланысты 30 іс тіркелген.
Еске сала кетейік, азаматтар жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал оны пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамалады.