Алматыда "Соло лига" бірегей баскетбол шоуы болды
Алматыда Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылған ерекше баскетбол шоуы – "Соло лига" турнирі өтті.
Ойыншылар баскетбол алаңында 1х1 форматында шеберліктерін сынап, әсерлі ойын ұсынды. Шараны стенд-ап өнерінің өкілі Шыңғыс Ермеков пен белгілі баскетболшы, TikTok жұлдызы Бақтияр Намазбаев жүргізді. Олар комментатор ғана емес, сонымен қатар төреші қызметін де атқарды. Ал турнирдің құрметті қонағы – танымал баскетболшы әрі TikToker Әмір Қадырбаев болды.
Бұл шоу – Қазақстандағы көше баскетболының даму қарқынының айқын дәлелі. 1x1 форматтағы осындай жарыстар қала өміріндегі ең жарқын спорттық оқиғалардың біріне айналып келеді.
Турнир қорытындысында Қырғызстан құрамасының ойыншысы Назим Адылбеков жеңіске жетіп, бас жүлдені иеленді. Финалда ол "Соло Лиганың" бірінші маусымының жеңімпазы Әділхан Маратпен ойнады.