Қаладағы орташа жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру аясында Салықов көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.

"30 тамыз күні сағат 08:00-ден 31 тамыз сағат 06:00-ге дейін Центральная көшесінен Өтегенов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар қозғалысқа шектеу қою жөніндегі толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және 2GIS және "Яндекс карталарында" жарияланған.