Алматыда рұқсат етілмеген алты қоқыс орны анықталды
Ғарыштан түсірілген сурет арқылы Алматыда заңсыз алты қоқыс орны анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ерлан Жақиянов айтты.
Алты қоқыс орнының бәрі жойылды. Ал былтыр сондай 12 қоқыс орны анықталған еді.
Ерлан Жақияновтың айтуынша, қаланың экология департаменті 2022 жылы 98 тексеру жүргізген.
"Анықталған бұзушылықты уақтылы орындамағаны үшін бірқатар нысан иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық кодекісінің 462-бабы 3-бөлігі бойынша хаттамалар ресімделді және материалдар Алматының мамандарылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Сот қаулысымен жалпы сомасы 2 700 535 теңгеге бес әкімшілік жаза қолданылды", – деді ол.