Алматыда Республика күнінде отшашу болады
22 және 25 қазан күндері мерекелік концерттер ұйымдастырылады.Алматы қаласының әкімдігі Республика күніне орай өтетін мерекелік және ресми іс-шаралар тізімін жариялады.
21 қазан, 11:00. Республика күніне арналған ғылыми-практикалық конференция, ҚБТУ, әл-Фараби атындағы зал.
22 қазан, 12:00. Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, алғыс хаттарды салтанатты түрде тапсыру, ҚБТУ.
22 қазан, 17:00. Салтанатты концерт, Республика сарайы.
23 қазан, 7:00 мен 13:00 аралығы. Charity Music Nur жаппай қайырымдылық жарысы. Жарыс Тұңғыш Президент саябағынан басталады. Қатысушылардың жоспарланған саны – 1 700-2 000 адам. Қатысушылардың сағат 6.00-де жиналуы қажет. Жарыс келесі қашықтықтарда өткізіледі:
- балалар жарысы (2 км – 7-14 жас);
- скандинавиялық серуендеу (10,5 км);
- 10,5 км және 21 км жүгіру.
Оқи отырыңыз:
- Президент Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды
- 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке. Мәжіліс ұсынысты қолдап дауыс берді
25 қазан, 10:00. "Ұлттық дала ойындары" республикалық ұлттық спорт түрлерінің фестивалі. Омаров көшесі, 10а мекенжайдағы Алматы ипподромы.
25 қазан, 11:00. "Патриотизм дауысы" акциясы аясында мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтеру және Әнұран орындау. "Медеу" биік тау кешенінің алдындағы алаң.
Сондай-ақ, осы уақытта қаланың барлық аудандарында мемлекеттік Әнұран жаппай орындалады (Almaty Arena мұз сарайының аумағы, ҚБТУ ғимаратының алды, Алматы көпсалалы колледжі ғимаратының алды, MEGA Almaty – Розыбакиев, "Гүлдер" саябағы, Ғылым ордасы ғимаратының алдындағы алаң, Наурызбай ауданы әкімдігі ғимаратының алды, Сауранбаев көшесіндегі Арбат).
Әнұранды орындағаннан кейін ЖОО, колледж және әскери оқу орындары студенттерінің қатысуымен "Қыран елім – Қазақстан" флешмобы өтеді.
25 қазан, 17:00. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт. "Астана" алаңы.
Концерттен кейін мерекелік салют болады.