Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қоғам және ғылым қайраткері Нұртас Оңдасыновқа арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті. 
 
"Нұртас Оңдасыновтың қазақстандық ғылым мен мәдениеттің болашағын қалыптастыруға сіңірген еңбегін зор. Қиын жылдарға қарамастан, ол ел экономикасын дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасады", – делінген хабарламада. 
Қоғам және ғылым қайраткері 1904 жылы 26 қазанда туған. 1938-1951 жылдары – Қазақ КСР министрлер кеңесінің ХКК төрағасы, 1954-1955 жылдары – ҚазКСР жоғарғы кеңесі президиумының төрағасы, содан кейін Гурьев (Атырау) облысы облыстық атқару комитетінің төрағасы, облыстық партия ұйымының басшысы болды.
 
Нұртас Оңдасынов Қазақстанда дербес ғылым академиясының құрылуына ықпал етті. Оның жанынан әйелдер педагогикалық институты, ұлттық консерватория, дене шынықтыру институты, политехникалық және технологиялық институттар ашылып, медициналық, шет тілдері институттарының факультеттері кеңейтілді.
 
Мұнымен қатар, Оңдасынов Ертіс – Қарағанды, Арыс – Түркістан, Мырзашөл каналдары, Атырау, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе зауыттары, сондай-ақ, Мойынты – Шу темір жолы салынды.
 
Нұртас Оңдасынов араб, парсы тілдерін жақсы білді. 1962 жылы зейнетке шыққаннан кейін шығармашылық және ғылыми қызметпен айналысты. 1969 жылы "Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі", 1974 жылы "Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі" жарық көрді.
 
Бюст ұлттық ғылым академиясы ғимаратының жанына орнатылды, кезінде оны құруға Нұртас Оңдасынов қатысқан болатын. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы Дулат Исабеков және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.