Алматыдағы Абылай хан даңғылы, 59/61 үйдің қабырғасына қар барысы қайта салынды. 

Айта кетейік, биыл мамырда осы мекенжайдағы тұрғын үйдің қас бетіне салынған қар барысының муралы өшірілген еді. Оның орнына “Coca-cola Қазақстан” компаниясының жарнамасының муралы салынды.

Фото: Омар Нұрхайдаров

Муралдың ауысқанына тұрғындар наразылық білдірген соң, компания өкілдері кешірім сұрап, қар барысының муралын қалпына келтірді.