Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Almaty Hostel хостеліндегі өрт туралы ақпарат таратты.

"Шамамен таңғы сағат 5.33-те Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайындағы "Almaty Hostel" хостелінің жертөлесінен өрт шықты. 30 шаршы метр аумақ өртке оранды. Хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Халық банкке тиесілі, банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген", – делінген баспасөз хабарламасында. 

Сондай-ақ, хостел Алматы қаласы жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймағаны белгілі болды. Студенттердің осы хостелде тұруына өтініш түскен жоқ, студенттерді хостелге орналастыру жұмысы жүргізілмеген.


Оқи отырыңыз: Алматы хостелінде өрттен қаза тапқандардың 11-і – Қазақстан азаматтары