Алматыда оқушы өз-өзіне қол салды: полиция қылмыстық іс қозғады
Алматыда жасөспірім өз үйінің жанында асылып қалған. Кейбір деректер бойынша, 2009 жылғы оқушы өз үйінің жанында асылып өлген.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл деректі растады.
Тәртіп сақшылары 105 бап (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғаған.
"Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.