Алматы қалалық мобильділік басқармасы алдағы мереке күндері мегаполистегі қоғамдық көліктердің қалай қатынайтынын мәлімдеді.

Мәселен, 1 қаңтарда желіге жоспарланған демалыс күнінен жылжымалы құрамның 50% шығады, 2-4 қаңтарда қоғамдық көлік демалыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейді.

Алматы-2 теміржол вокзалы — "Медеу" "Медеу" биік таулы спорт кешені апаратын № 12 бағыт бойынша, 1-4 қаңтар аралығында желіге 20 автобус шығады. Қоғамдық көлік демалыс күнгі кесте бойынша жұмыс істейді.

№ 3 түнгі маршрут өзгеріссіз жұмыс істейді. Алматы қаласы метрополитенінің жұмысы демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06:20–дан 00:00–ге дейін 12-15 минуттық қозғалыс аралығымен ұйымдастырылады.