Алматыда ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның жансыз денесі қаладағы мектептердің бірінің жанынан табылған.

"Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша ол жүрек талмасы салдарынан қайтыс болған", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.